Желтоқсаншылар "Тәуелсіздік таңы" монументінде ЛГБТ-ке қарсы митинг өткізді

13 Ақпан 2024, 18:39
376
Бөлісу:
Желтоқсаншылар "Тәуелсіздік таңы" монументінде ЛГБТ-ке қарсы митинг өткізді
Фото: Скрин

Алматыда Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің жанында «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің қатысушылары жиналып, ЛГБТ ұйымдарына қарсы акция өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Акцияның тікелей эфирі facebook әлеуметтік желісінде жүргізілді.

Қоғамдық бірлестіктің ондаған қатысушылары арнайы рәсім өткізіп, адыраспан жағып, дұға оқыды.

Акцияға қатысушылардың бірі Гүлбахрам Жүніс «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің атынан сөз сөйледі.

ЛГБТ ұйымдары еліміздің мүдделері, болашағы мен гүлденген халқымыздың тағдырына қауіп төндірмес үшін оларға тыйым салу мақсатында біз мемлекеттен арнайы заң талап етеміз,- деді ол.

Олар бұл талапты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, премьер-министр Бектеновке, депутаттар мен халыққа жолдады. Олар сондай-ақ жыл сайын 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесінде митингтерге шығуға тыйым салуды талап етті.

Еске сала кетейік, жақында Қазақстанда ЛГБТ  жасөспірімдеріне арналған сайт бұғатталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы