Желтоқсан оқиғасы жайлы «Қарағайдың қарсы бұтағы» атты кітап жарық көрді

13 Желтоқсан 2021, 15:46
5118
Бөлісу:
Желтоқсан оқиғасы жайлы «Қарағайдың қарсы бұтағы» атты кітап жарық көрді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Кітап Қайрат Рысқұлбеков, Жамбылбек Тайжұмаев, Түгелбай Тәшенов, Қайыргелді Күзембаев, Ертай Көпесбаев және басқа желтоқсандықтар туралы баяндайды.

«Атамұра» баспасының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед белгілі жазушы Қайым-Мұнар Табеевтың  «Қарағайдың қарсы бұтағы» атты кітабының жарық көргені туралы facebook-тегі парақшасына жазды.

 Санаулы күндерден кейін еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толғалы отыр. Баршаңызды осынау ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ел тәуелсіздігімен бірге 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы да қатар жүретіні белгілі. Биыл Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толып отыр. Осыған орай «Атамұра» баспасынан белгілі жазушы Қайым-Мұнар Табеев ағамыздың Қайрат Рысқұлбеков, Жамбылбек Тайжұмаев, Түгелбай Тәшенов, Қайыргелді Күзембаев, Ертай Көпесбаев және басқа желтоқсандықтар туралы баяндалатын «Қарағайдың қарсы бұтағы» деген атпен кітабы жарыққа шықты,-деп деп жазды корпорация президенті.

 

Сонымен қатар ол бұл кітапты шығарардан бұрын автордың қолжазбасын оқып, бойын ашу-ыза кернегенін жеткізді.

Желтоқсан оқиғасы жайлы «Қарағайдың қарсы бұтағы» атты кітап жарық көрді

Себебі, қазақтың қаншама жастары нақақтан-нақақ қудаланды, соққыға жығылды, түрмеге қамалды. Кейіннен әділет орнап, кейбіреуі ақталды да. Қалай болғанда да, жастар өткен тарихымызды білуі керек деп есептеймін. Бүгін осы кітаптың авторымен бірге Ұлттық кітапханаға  барып, директоры Бахытжамал Қайырбекқызына Желтоқсан қаһармандарына арналған кітабымызды табыстап  қайттық,-деп жазды Рақымғали Құл-Мұхаммед.

Өзгелердің жаңалығы