#Желмая. Кітапхана жайы: кітап шығарушылар кім, қате неге көп немесе жастар кітап оқи ма?

#Желмая. Кітапхана жайы: кітап шығарушылар кім, қате неге көп немесе жастар кітап оқи ма?
VIDEO
6347

#Желмая жобасының бұл жолғы кейіпкері  Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиева.

Оқитын ұлт отбасында қалыптасу керек. Жастардың білімге деген құштарлығы қандай? Кітаптарда қате неге сонша көп, оған кім жауапты? Елімізде кітапханашылардың жағдайы қандай? Бізде қандай кітаптарға сұраныс жоғары? Қазір кімдер кітап шығарып жатыр, оны сараптап, саралайтын адамдар бар ма? Қазіргі қоғамға кітапхана керек пе?Кітапханаға баратын оқырмандар кімдер? Осы жіне өзге де маңызды сауалдарға Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиева жауап береді.

«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Бұған дейін «Желмая» жобасының қонағы  Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина болған еді.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы