#Желмая. Астананың жаңа құрылыстары неліктен сол жағалауға салынды?

6 Шілде 2021, 12:30
6279
Бөлісу:
#Желмая. Астананың жаңа құрылыстары неліктен сол жағалауға салынды?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Халықаралық сәулет академиясының мүшесі Серік Рүстембеков. 

Елорданың бас жоспары қашан дайын болды? Неліктен жаңа құрылыстар сол жағалауға салынды? Астана жаяу жүргіншілерге емес, көлік жүргізушілерге лайықты етіп салынғаны рас па? Қандай кемшіліктер бірден көзге түседі? Назарбаевпен соңғы рет қашан кездесті? Елорданың қай бөлігі ыстық? Сәулетші сұхбат барысында осы және басқа да сұрақтарға жауап береді.


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Бұған дейін жобамыздың қонағы болған Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімнің аға инспекторы, полиция подполковнигі Гүлмира Шрахметова тұрмыстық зорлық-зомбылық әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ғана тән емес екені туралы баяндап берген еді.

Өзгелердің жаңалығы