Желі арқылы жұртты алдаған күдіктілер ұсталды

19 Сәуір 2023, 22:40
695
Бөлісу:
Желі арқылы жұртты алдаған күдіктілер ұсталды
Фото: polisia.kz

Атырау облы «Anti-fraud» іс-шарасы аясында Instagram арқылы телефон сатамыз деп қазақстандықтарды алдаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

18-20 сәуір аралығында Атырау облысының аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында Атырау облысы полиция департаменті және Талдықорған қалалық полиция басқармасы киберқылмысқа қарсы күрес кызметкерлері бірлесіп қылмыстық топты анықтап, ұстады. Күдіктілер әлеуметтік желі арқылы жалған парақша ашып, Iphone телефонын саудалап, алаяқтық әрекетімен айналысқан. Нарықтағы бағадан арзан смартфон аламын деген тұрғындар ақшасынан оңай айырылып қалған.

Ал алаяқтар ақшаларды қолма-қол шығару арқылы дропперлерге аударып, кейін өздерінің есепшоттарына аударып отырған. Жәбірленушілер арасында Семей қаласы, Алматы, Астана қаласы, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау қаласы, Ұлытау, Өскемен қаласы, Шымкент, Орал қаласы, Павлодар облыстарының тұрғындары бар.

Ұсталған 18 жастағы және 56 жастағы күдіктілер Алматы қаласының тұрғындары екені анықталды. Тексеру кезінде екі IPhone 14 және IPhone 12, IPhone 6s , Samsung, ноутбук, 12 SIM-карта, Beeline модемі, түбіртектер тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгеге жуық екені анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-баптың 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы