Жел, найзағай: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

3 Сәуір 2025, 06:33
1371
Бөлісу:
Жел, найзағай: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: архив

Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі деген болжам жасап, дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысында жел соғып, найзағай ойнайды.

Петропавл қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел, тұман болып, жаңбыр жауады.

Көкшетау қаласында, Жетісу, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Өскемен, Семей, Жамбыл, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында жел соғып, тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы