2025 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда шетелдік үлесі бар 71 мыңнан астам заңды тұлға тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына берген жауабында Сыртқы істер министрлігі шетелдік кәсіпорындардың құрылымы мен белсенділігі туралы мынадай мәлімет ұсынды:
• Шетелдік капиталдың қатысуымен тіркелген кәсіпорын саны – 59 537;
• Оның 44 995-і нақты жұмыс істеп тұр;
• Бірлескен меншік нысанында – 11 708 кәсіпорын;
• Олардың 8 723-і белсенді жұмыс істейді.
Министрліктің дерегінше, шетелдік қатысумен тіркелген компаниялардың географиясы кең болғанымен, белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ең көп үлесі мына мемлекеттерге тиесілі:
• Ресей Федерациясы – 42%;
• Өзбекстан – 9%;
• Қытай – 8%;
• Түркия – 7%.