Жеке кәсіпкер мұнайды заңсыз шығарғаны үшін сотталып кетті

17 Тамыз 2022, 10:51
1360
Бөлісу:
Жеке кәсіпкер мұнайды заңсыз шығарғаны үшін сотталып кетті

Ол 2 жыл 8 айға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов атағандай, кәсіпкер мұнай шығаруын ресми растай алмаған. 

Қызылорда облысында жеке кәсіпкер мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжатсыз көтерме саудада өткізгені үшін 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкер 4 тонна дизель отынын тиісті құжаттарсыз өткізбек болған жерінде ұсталып, тергеу барысында ол бұрын өзі өткізген 93 миллион теңгеге тағы 402 тонна жанармайдың шығу тегінің заңдылығын растай алмаған, - деді Әбділов. 

 Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды заңсыздықтар туралы хабарлауға шақырады. 

Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, Агенттіктің сенім телефондарына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарлауыңызды сұраймыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы