Елордада қайғылы оқиға болды. Тілендиев көшесі, 44А мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінің терезесінен бала құлап кетті. Бұл ақпаратты BAQ.KZ тілшісіне Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы растады.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шұғыл жеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Алған жарақаттарынан бала көз жұмып, медицина қызметкерлері өлімін тіркеді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Степногорскіде 5 жастағы бала алтыншы қабаттан құлап, көз жұмды.
Жас балалардың құлап кету оқиғалары көбейгендіктен, енді терезені ашық қалдырған ата-аналар жазаға тартылатыны туралы хабарладық.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанадан қонаққа келген бала Қарағандыда терезеден құлап, ауруханаға түсті
Қарағандыда 3 жасар бала терезеден құлап кетті
Ақмолада 7 жасар бала терезеден құлады