Жеңіс-75. Ақмолалық жауынгерлерге арналған кітап жарық көрді

7 Мамыр 2020, 15:03
2010
Бөлісу:
Жеңіс-75. Ақмолалық жауынгерлерге арналған кітап жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ және орыс тілдерінде басылып шыққан кітапта ақмолалықтардың Жеңіске қосқан ерен еңбегі суреттелген.

6 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде "Ұлы Жеңіс ешқашан ұмытылмайды" атты кітаптың таныстырылымы өтті. Онда ақмолалықтардың Жеңіске қосқан ерен еңбегі суреттелген, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 
Белгілі журналист Ғалия Балтабайдың айтуынша, кітапты басып шығару идеясы өткен жылы елорданың ардагерлер кеңесінде пайда болған. Редакциялық алқа құрылып,оның құрамына журналистер мен ардагерлер кеңесінің мүшелері кірді. Уақыттың аздығына қарамастан, біз соғысқа осы өңірден аттанған азаматтардың өмірбаяндарын жинап, соғыстың куәгерлері – көзі тірі ардагерлермен кездестік. Кітапты жазу кезінде біздің өңіріміздің батырлардың отаны екеніне көзіміз жетті. 500 жауынгер – Қазақстаннан шыққан Кеңес Одағы батырларының 44-і Ақмола облысының тумасы. Бұл кітап олардың өшпес ерлігін еске салуға арналған. Оны дайындағандағы тағы бір мақсатымыз – жас ұрпаққа туған жерге деген сүйіспеншілік пен мақтанышты дәріптеу. Қазіргі балалар аға буын көрген соғыс пен қатаң сынақ туралы білуі тиіс, - дейді ол. 
Кітапқа тек соғысқа қатысқан жауынгерлер ғана емес, тылда еңбек еткен азаматтардың да есімдері енген. "Ұлы Жеңіс ешқашан ұмытылмайды" кітабы 500 данамен қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты.
Өзгелердің жаңалығы