Жазда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз - Оқу-ағарту министрі

6 Маусым 2023, 12:11
697
Бөлісу:
Жазда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз - Оқу-ағарту министрі
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Жазда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 100 мыңнан аса оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, министрлік балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру әрі олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.

Мониторинг жұмысы нәтижесінде еліміздегі 218 қала сыртындағы лагерлердің 45-і су қоймаларының жанында орналасқандығы, ал 127 бассейні бар екендігі анықталды. Сонымен қатар балаларға судағы қауіпсіздік бойынша нұсқаулар беріліп, таныстырылып, оларды жүзу дағдыларына үйрету көзделген. Барлығында жүзуден нұсқаушы-әдіскер жұмыс жасайды. Мұнан басқа үйірмелер мен секцияларда және сауықтыру орталықтарында балалардың қауіпсіздігіне байланысты 100 мыңнан астам оқу-жаттығу іс-шараларының өткізілуі жоспарланып отыр, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде елдімекендерге және демалыс орындарына жақын орналасқан су қоймаларына бақылау орнату маңызды деп отыр.

Әкімдіктерден жаз мезгілінде су қоймалары маңында кезекшілік ұйымдастыруды сұраймыз. Сонымен қатар судағы қауіпсіздіктің қаматамасыз етуде балаларға жүзуді үйрету маңызды, - деді Ғани Бейсембаев.

Өзгелердің жаңалығы