«Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қазынадан 2,6 трлн теңге бөлінеді

8 Қыркүйек 2022, 14:55
964
Бөлісу:
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қазынадан 2,6 трлн теңге бөлінеді

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ірі бағыттардың бірі – «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасына тоқталар болсам. Жоба әзірленіп, келісу сатысында тұр. Оны іске асыру үшін алдағы үш жылға бюджеттен 2,6 трлн теңге бөлінеді. Оның ішінде, 2023 жылға 500 млрд теңге жұмсалады деп көзделуде, - деп атап өтті вице-министр. 

Айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында да жаңа жоба жасалған. 

Халықтың табысын арттыру бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы пилоттық жоба 2019 жылы Жамбыл облысында сәтті жүзеге асырылған болатын. Оны кезең-кезеңімен кеңейту үшін бюджеттен үш жылға 117 млрд теңге, 2023 жылға – 52 млрд теңге бөлінген, - деді Татьяна Савельева. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ведомство басшысы қазынаға мұнайдан түсетін қаражаттың азая бастайтынын айтқан болатын. Белгілі болғандай, 2023 жылға арналған республикалық бюджет түсімі – 17,8 трлн теңгеге тең. 

Бұл былтырмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге ұлғайған. Республикалық бюджетке түсетін мұнай түсімдерінің үлесі біртіндеп азайып келеді. Биыл ол 40,2% болса, 2025 жылға қарай 21,8%-ға төмендейді.

Өзгелердің жаңалығы