Жасыл құрылысты салуға қандай талап қойылады

29 Қараша 2023, 12:50
556
Бөлісу:
Жасыл құрылысты салуға қандай талап қойылады
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Елордада «Green Build Central Asia 2023» халықаралық конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конференцияның мақсаты - Қазақстан мен әлемдегі жасыл құрылыстың мәселелері мен тенденциялар болашағын талқылау, жобалауда, материалдар мен құрылыста тиімді инновациялық шешімдерді пайдалану мүмкіндігін қоса алғанда, төмен көміртекті ғимараттар, жасыл құрылысты ынталандыру саласындағы біліммен және тәжірибемен алмасу.

Жасыл құрылысты салуға қандай талап қойылады

Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесінің техникалық директоры Айман Шопаева жасыл құрылыстың экологияға тигізетін пайдасы жайлы айтты.

Өркениет дамып жатқан заманда адамзаттың антропогендік әсерінен қоршаған ортаға көп зиян келіп жатыр. Қоршаған ортаға әсер ететін тағы бір сала – ол құрылыс. Құрылыс материалдарын өндіруден бастап нысанды салғанға дейін кейін оны пайдалануға бергенде көптеген энергия ресурстары тұтылады. Жасыл құрылыстың негізгі талаптарының бірі – құрылыстың экологияға тигізетін әсерін азайту. Мысалы, экологиялық таза материалдар өндіру, энергияны аз тұтынатын ғимараттар салу, су ресурстарын үнемдеу, қоршаған ортаға шығарылатын қалдықтарды азайту немесе шығарылған қалдықтарды өңдеу және транспортты аз тұтыну немесе экологиялық тиімді көлікке көшу сияқты талаптар қойылады, - дейді сарапшы.

Айман Шопаева жасыл құрылыс саласындағы бағалау стандарттары ерікті түрде жасалынады.

Жасыл құрылысты салуға қандай талап қойылады

Мысалы, егер ғимараттың иесі ғимаратының беделін көтергісі келсе және құрылыстың энергияны аз тұтынатынын және таза құрылыс материалдарынан салынғанын дәлелдегісі келсе, онда ол бізге өтініш білдіреді. Құжатқа қарап, бағалау жүргіземіз, - дейді ол.

Жасыл құрылысты салуға қандай талап қойылады

Жасыл құрылыс сертификатын алған құрылыс нысандары Отбасы банкінен берілетін «Жасыл ипотека» бағдарламасына қатыса алады.

Жасыл құрылысты салуға қандай талап қойылады
Жасыл құрылысты салуға қандай талап қойылады
Жасыл құрылысты салуға қандай талап қойылады

Бүгінгі күні елімізде 100-ден аса ғимарат экологиялық сертификат алған. Олардың 53-і отандық OMIR стандартының сертификаты.

Өзгелердің жаңалығы