Жастар жұмыс іздеуге қанша уақыт жұмсайтыны анықталды

27 Қараша 2023, 14:23
833
Бөлісу:
Жастар жұмыс іздеуге қанша уақыт жұмсайтыны анықталды
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

5 жастың екеуі жұмыс іздеуге үш айдан бір жылға дейін уақыт жұмсайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Finprom.kz мәліметінше, қазір жұмыссыз жүрген жастардың саны 8,2%-ға азайды.

Биылғы жылдың 3-тоқсанында елімізде 68,5 мың жұмыссыз жүрген жас тіркелді. Олардың дені - 15-28 жас аралағындағы жастар. Бұл былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 8,2% пайызға төмен.

Жұмыссыз ер адамдардың саны 28,9 мыңға (плюс 8,7%), ал жұмыссыз әйелдердің саны 39,6 мыңға (минус 17,6%) жеткен. Қалаларда 44,2 мың жұмыссыз (минус 12,8%) тіркелсе, ауылдарда  24,3 мыңға (плюс 1,5%) жеткен.

Салыстырмалы түрде 2022 жылдың 3-тоқсанында Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы 74,6 мың жұмыссыз болған. Бұл алдыңғы жылдан қарағанда 3,7%-ға төмен. Яғни, жылдан жылға бұл көрсеткіш төмендеп келеді.

Жастар жұмыс іздеуге қанша уақыт жұмсайтыны анықталды

Енді өңірлер бөлінісіне келер болсақ, ең көп жұмыссыз жас Алматы қаласында анықталған екен: 13 мың адам - былтырғы жылмен салыстырғанда 7,7%-ға көп. Оңтүстік шаһардан кейін Астана (8,6 мың адам, минус 1,1%) мен Алматы облысы (8,5 мың адам, плюс 15,7%) тұрақтады. Ал керісінше Ұлытау (509 адам), Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында (1,1 мың адам) жастар арасында жұмыссыздық деңгейі төмен. 

Маңғыстау облысында жұмыссыз жастар санының ең көп өсімі байқалады. Яғни бір жылда 2,3 есе 4,5 мың адамға дейін көбейген. Ал Түркістан облысында жұмыссыз жастар саны төмендегені байқалады. Жұмыссыздық 65,1%-ға дейін төмендеп, 2,6 мың адамға дейін жеткен.

Жастар жұмыс іздеуге қанша уақыт жұмсайтыны анықталды

18 мың жас жұмыс іздеуге 1 айдан 3 айға дейін уақыт жұмсаған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 13,8%-ға аз.

Тағы 14,9 мың жас  (плюс 93,8%) жарты жылдан бір жылға дейін, 14,8 мыңы (минус 26,9%) 3 айдан 6 айға дейін жұмыс іздеп жүрген. 

Бір айға жетер-жетпес уақыт жұмыс қарастырғандардың саны 16,8%-ға азайып, 13,8 мың адамға жуықтаған, ал бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс іздестіргендер саны 24,8%-ға төмендеген.

Жастар жұмыс іздеуге қанша уақыт жұмсайтыны анықталды
Өзгелердің жаңалығы