Жастар санасына Республика күнінің маңыздылығын сіңірсек, ұтылмаймыз – тарихшы

22 Қазан 2022, 15:50
10207
Бөлісу:
Жастар санасына Республика күнінің маңыздылығын сіңірсек, ұтылмаймыз – тарихшы
Фото: автордан

Биыл елімізде Республика күні ұлттық мереке ретінде тойланады. Бұл айтулы датаның еліміз үшін қандай маңызы мен тарихи маңыздылығы барын тарихшы Аққали Ахметтен сұрап білдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

1990 жылдың 25 қазанында сол кезеңдегі ҚазССР-дің жоғары кеңесінің қаулысымен 25 қазанда мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды. Бұл Декларацияның құндылығы - тәуелсіздік қарсаңында қабылданған тарихи құжат. Бұл құжаттың негізінде қазақтың тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізі бекітілді. Құжатта алғаш рет ел аумағының тұтастығы, оған құл сұғылмайтындығы, Қазақстанда тұрып жатқан этнос өкілдерінің, халқымыздың төл мәдениетін, дәстүрін, тілін сақтау және дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту сияқты ережелер бекітілді. Бұл құжатта саяси-экономикалық және әлеуметік мәселелерді өз бетінше шешу қағидасы жарияланды. Бұл халыққа ерекше серпіліс берді, - дейді тарихшы. 

Жастар санасына Республика күнінің маңыздылығын сіңірсек, ұтылмаймыз – тарихшы

Аққали Ахметтің айтуынша, егемендік декеларациясын қабылдауда академик Салық Зиманов көп еңбек сіңірген. 

Оның декларацияны қабылдаудағы зор еңбегін атап өтуге тура келеді. Себебюі академик Зиманов декларацияны қабылдау ел өміріндегі ерекше күн екенін, тәуелсіз елдің алғашқы баспалдағы болатынын көре білді деп айтуға болады. Салық Зимановқа көптеген сауал қойылды. Оның барлығына Зиманов тиянақты нақты жауап беріп, егемендік туралы декларацияны қорғап шыққан.  Сол жылдардағы депутаттардың белсенділігі, болашақ жолында аянбай еңбек еткені сөзсіз. Декларация кіріспесінде қазақ ұлттық, қазақ халқы деген сөзіне таласпақ болып, алып тастамақ болғандар кездескен. Бірақ депутаттар дәл сол нұсқаның дұрыстығын қолдаған, - дейді тарихшы. 

Ол атағандай, ұлттық мереке 2009 жылы тойланбай қалды. 

13 жылдан кейін қайта қалпына келіп, ұлттық мереке ретінде тойланатын болды. Мерекелер туралы заңда бұл мейрамның орны айрықша көрсетілген. Ұлттық мереке ретінде ел тарихында ерекше орны бар оқиғаға арналса, мемлекеттік мереке қоғамдық саяси оқиғаларды атап өтуге арналған. Ал ұлттық мереке Республика күні екені айтылған. Ел  республиканың құрылуы күні немесе тәуелсіздік меркесінің ерекше аталуы да осыдан, - деді ол. 

Тарихшының пікірінше, мейрамның мәртебесі ұлттың, мемлекеттік қалыптасуы мен дамуының жетістігін көрсетуге, халықты біріктіруге және мемлекеттілікті насихаттауға арналған. 

Ұлы меркенің маңызын жастарға түсіндірсе, жас ұрпақтың санасына республика күнін ерекше атап өтуді сіңірсек, ұтылмаймыз. Ең қуаныштысы, ұлттық мерекенің қайта оралуы. Тарих бәрін орнына қояды. Ақыры солай болды. 13 жыл бойы тойламай қойып, қазір қайта тойлануы тарих қойнауында қалады. Бұл мерекенің қазақ мемлекеті жасағанша, жасайтынына сенім мол, - деді Аққали Ахмет.

Тарихшының пікірінше, декларацмияның маңыздылығын кеңестік кезеңдегі тәуелсіздік алғашқы қадамы деп айтуға толық мүмкіндік бар. 

Бұл декларацияның қабылдауының өзі ұлт жолындағы жанкештілік пен жауапкершіліктің, ұлтқа қызмет етуден барлығынан биік тұрғаны біз үшін мақтаныш. 25 қазан ел өміріндегі айрықша қадам болғаны анық,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы