Жас сарбаздар жауынгерлік сынақтан өтті

21 Қараша 2023, 20:34
502
Бөлісу:
Жас сарбаздар жауынгерлік сынақтан өтті
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Шымкент гарнизонындағы механикаландырылған бригадасының жас сарбаздары «Дарбаза» оқу полигонында өзінің жауынгерлік атыстарын орындап, жаудың брондалған техникасының көзін жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Дарбаза» полигонында күзгі әскерге шақырылған 200-ден астам сарбаз АК-74 қаруымен оқ атуды және окоптан жаяу ұрыс машинасына граната лақтыруды іс-жүзінде орындады. Жаяу ұрыс машинасымен жас жауынгерлерді сынау тактикалық дайындық бойынша екі күндік кешенді сабақтар барысында жүргізілді.

Сынақтан өту алдында әскери қызметшілермен ұрыс машинасын, атыс қаруы мен гранатаның тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеу бойынша сабақтар өткізілді.

Жас сарбаздар жауынгерлік сынақтан өтті

Бірінші болып оқу-жауынгерлік тапсырманы сабақ жетекшілері мен нұсқаушылары орындады. Олар әскери қызметшілердің кедергілер жолағынан өту кезінде, сондай-ақ өтіп бара жатқан техниканың астындағы окопта болған кезде психологиялық әсерді бірінші болып өздерінің басынан өткізді.

Бұл жаттығудың пайда болу тарихы, ол 1943 жылы Курск шайқасы қарсаңында жаяу әскерлер жаудың танкілерінен қорқуды жою үшін жасалған. Мұндай сынақта адамның 14 тонналық темір астына жатуға және брондалған техникамен жекпе-жекке шығуға моральдық дайындығы мен өз күшіне деген сенімділік өте үлкен рөл ойнайды.

Жас сарбаздар жауынгерлік сынақтан өтті

Бұл біздің алғашқы жаяу ұрыс машинасына тосқауыл беруіміз. Маған өте қатты ұнады. Ең әсерлісі жарақат алған жауынгерлік досыңа ұрыс алаңында барынша көмек көрсеткенің және мұндай жаттығулар бірге жүрген сарбаздардың достығын нығайтады, - деді алған әсерімен бөліскен жас сарбаз Дамир Гайнуллин.

Жас сарбаздар жауынгерлік сынақтан өтті

Алғашқы әскери дайындық курсы аяқталғаннан кейін мерзімді әскери қызметшілер әскери ант қабылдайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы