Жас мамандар жұмыспен және баспанамен қамтылды

7 Тамыз 2021, 08:39
2006
Бөлісу:
Жас мамандар жұмыспен және баспанамен қамтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы ая­сында жас мамандар жұ­мыс­­пен және баспанамен қам­­­тамасыз етілді.

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданына жас маман­дарды тарту үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша нақты жұмыс жүргізілді. Осыған дейін ауданда кейбір мамандықтар бойынша мұғалімдер мен дәрігер­лердің тапшылығы болған, бұл мәселе бойынша Nur Otan пар­тиясының қоғамдық қабылдауына қаңтар айында өткен сайлау нау­қаны кезінде сайлаушылардан ұсы­ныс пен өтініш келіп түскен бо­латын. Сайлау алдындағы нау­қан кезінде тұрғындардың өтініші ескеріліп, Көкпекті аудандық Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасына енгі­зіліп, бекітілген болатын.

Аудандық сайлауалды бағ­дар­ламасын орындау жөніндегі Жол картасының индикаторына сәйкес жыл сайын 20 жас маманды көтерме жәрдемақымен және тұр­ғын үйді сатып алуға берілетін не­сиемен қамтамасыз ету мақса­тында жергілікті атқарушы орган­дардан қажет қаржы бөлінді. Бұл мәселені шешуге аудандық мәс­лихат депутаттары – Nur Otan депутаттық фракциясының мүше­лері белсенді қатысты. Мәселені мұқият зерделеп және аудандық бюджеттің барлық мүмкіндіктерін қарастырып, Жол картасының осы индикаторының жүзеге асы­ры­луы­­на барынша басымдық берілді, – дейді Nur Otan пар­тиясының Көкпекті аудандық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Раушан Алпыс­бек­қызы.

Осы жылы аудан бойынша 58 жас маман 57 миллион теңгеден астам сома көлеміндегі көтерме жәрдемақыға қол жеткізген. Оның 43 миллион 755 мың теңгесі ау­данға келген 10 жас маманды тұр­ғын үймен қамтамасыз ету мақса­тында берілген. Жәрдемақы алған­дардың ішінде әр саланың ма­мандары бар. Атап айтқанда, білім беру саласы бойынша 26 маман, денсаулық сақтау саласы бойынша 14 маман, 2 мәдениет қызметкері, 4 агроөнеркәсіптік саласының маманы, 1 спорт сала­сының қыз­меткері, 1 мемлекеттік қызметкер мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы