Жастар жылы. Қазақстанның жас дипломаттары кімдер?

4 Наурыз 2019, 21:33
2864
Бөлісу:
Жастар жылы. Қазақстанның жас дипломаттары кімдер?

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда Жастар жылы аясында 5 наурызда Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері» кітабының ресми тұсаукесерін өткізеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде өтетін апта сайынғы брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Оның айтуына қарағанда кітапқа ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтыда ат салысқан.

"Бұл кітапты біздің министрлігіміздің жас дипломаттарымен және Академияның Дипломатия институтының тыңдаушыларымен кездесу, сондай-ақ сыртқы саяси ведомствомыз жариялаған. Басылымның тұсаукесері Қазақстандағы Жастар жылы аясында өтуде. Кітап жас дипломаттар берген сұхбаттарының жинағы болып табылады. Онда олар дипломат мамандығын неге таңдағаны туралы өз әңгімелерімен, дипломатиялық қызмет өмірінен алынған естеліктері және қызықты сәттермен, сондай-ақ болашақта еліміздің сыртқы саясатына қатысты көзқарастарымен бөлісуде" - дейді ресми өкіл.

Іс-шараға Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Академия ректоры Фатима Жақыпова, Дипломатия институтының директоры Мариан Әбішева, дипломатиялық қызмет ардагерлері, Академия тыңдаушылары, сондай-ақ «Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері» жобасына қатысушылардың өздері қатысады.

Рахила Бекназарқызы

Өзгелердің жаңалығы