Жарма ауданында су деңгейі төмендеді

29 Наурыз 2024, 09:22
268
Бөлісу:
Жарма ауданында су деңгейі төмендеді
Фото: Абай облысының әкімдігі

Нұрлан Ұранхаев Жарма ауданына келіп, қазіргі жағдаймен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, ол ауданның Үшбиік ауылындағы ахуалды бақылады. 

Жарма ауданында су деңгейі төмендеді

Жергілікті атқарушы орган мен облыстық ТЖД мамандары тарапынан еріген суды бұруға барлық іс-шара жасалып жатыр. Қазір су деңгейінің төмендеуі байқалады, - делінген хабарламада.

Жарма ауданында су деңгейі төмендеді

Еске сала кетсек, кеше қардың қарқынды еруі салдарынан Үшбиік ауылындағы 2 көшеде қызыл су жүрген еді. Тұрғындарға көмек көрсету мақсатында 54 адамнан тұратын Абай облыстық ТЖД күштері мен құралдары, 9 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 4 мотор сорғылар, сондай-ақ полиция департаментінің жеке құрамынан 10 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы