Жәрдемақы мен зейнетақы қалай төленіп жатыр

15 Сәуір 2024, 14:36
1165
Бөлісу:
Жәрдемақы мен зейнетақы қалай төленіп жатыр
Фото: Арман Мухатов - архив

Республикалық ақпараттық штабта өкен брифингте ЕХӘҚМ ресми өкілі Мадияр Уақпаев су тасқыны кезінде халыққа қандай әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға кешенді қолдау шараларын көрсетіп жатқанын атап өтті.

Атап айтқанда, төтенше жағдай режимі жарияланған қалалар мен аудандарда тұратын 5 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек мемлекеттік органдарға жүгінуді болдырмастан автоматты түрде тағайындады.

Сондай-ақ балаларды қоса алғанда, 4 мыңға жуық адамға мүгедектікті қайта куәландыру мерзімдері автоматты түрде ұзартылды. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу бұрын белгіленген топ бойынша жүзеге асырылады. Сәуір айындағы зейнетақылар мен жәрдемақылар алушылардың екінші деңгейдегі банктердегі шоттарына және Қазпоштаға кідіріссіз және толық көлемде аударылды, - деді Уақпаев брифингте.

Оның сөзінше, жергілікті атқарушы органдар өз қаражаты есебінен су тасқынынан зардап шеккен 2 300 отбасына 555 млн теңгеден астам әлеуметтік көмек көрсетті.

Еңбекминінің мәліметіне сәйкес, су басқан аймақтардан 96 мүгедектігі бар адам эвакуацияланды. Жергілікті жерлерде оларға барлық қажетті көмек көрсетілді. Республика бойынша қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық 118 орталық штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтарды сауықтыру үшін республиканың 7 санаторийінде 164 орын бөлді. Электрондық үкіметтің мобильді қосымшасында су тасқыны салдарынан келтірілген залалды өтеуге өтініш беру функционалы іске асырылды. Қосымшаны апробациялау Ақмола облысында басталады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы