Жаратылыстану-математика пәндерінен президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі аяқталды

30 Қазан 2023, 17:43
800
Бөлісу:
Жаратылыстану-математика пәндерінен президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі аяқталды
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Елімізде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі қорытындыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Оған бірінші (аймақтық) кезеңде жоғары нәтижеге қол жеткізген 446 оқушы қатысты.

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңіне 199 оқушы іріктеліп алынды.

Олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңін 2023 жылғы 21-24 қарашада Қарағанды қаласында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында өткізу жоспарланып отыр.

Естеріңізге салсақ, олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатысады. Олар төрт пән (математика, физика, химия және биология) бойынша тапсырмалар орындайды. Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіледі.

Бұл зияткерлік жарыс еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға жене олардың мүмкіндіктерін ашуға, қолдау көрсетуге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы