Жапонияда толассыз жауын салдарынан кісі өлімі болды

29 Тамыз 2019, 00:50
1782
Бөлісу:
Жапонияда толассыз жауын салдарынан кісі өлімі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда толассыз жауыннан кейінгі тасқын салдарынан 2 адам көз жұмды. Қаза болған Кюсю аралының тұрғындары, деп хабарлайды 24.kz.

NHK телеарнасының хабарлауынша, тасқынның күштілігі сонша көліктерді ағызып әкеткен. Қазір табиғи апатқа байланысты жергілікті билік 850 мың адамды қауіпсіз жерге көшіре бастады. Куәгерлер түсірген видеодан қаланың біраз көшесі су астында қалғанын байқауға болады.

Бұдан басқа, толассыз жаңбырдан шаһар сыртындағы өзен арнасынан тасып, маңайдағы елді мекендерді де су басқан. Жапония метеорологиялық қызметі қауіптің бесінші деңгейін жариялады.

Ал зардап шеккердерге көмек көрсету мақсатында Сага префектурасының сұратуымен Жапония қарулы күштері аймаққа әскер аттандырды.




Өзгелердің жаңалығы