Жапон делегациясы Бітімгерлерді даярлау орталығына барды

25 Қараша 2021, 09:35
1098
Бөлісу:
Жапон делегациясы Бітімгерлерді даярлау орталығына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлерді даярлау орталығына Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ямада Джун, қорғаныс мәселелері жөніндегі елшінің бірінші хатшысы полковник Саваи Тадаши мен медициналық мәселелер жөніндегі кеңесші Нишизава Соко жұмыс сапарымен барды.

Орталықтың бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин орталық қызметінің мақсаты мен мәні, оның ішінде бітімгерлік курстар мен қарқынды тілдік дайындық туралы хабардар етті.

Орталықты дамыту жоспарында өткізілетін курстарды көбейту және мекеменің өңірлік деңгейге шығуы да бар. Сөз арасында 19 қарашада «БҰҰ-ның Азаматтық тұрғындарды қорғау – United Nations Protection of Civilians Course» атты БҰҰ-ның сертификатталған халықаралық курсы аяқталғанын айта кетейік. Курсты Бангладеш, Бразилия, Қазақстан, Мавритания, Мозамбик, Нигерия, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Финляндия Қарулы Күштерінің өкілдері оқыды,-деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жапон делегациясы Бітімгерлерді даярлау орталығына барды

Сапар барысында Қазақстан мен Жапония қорғаныс ведомстволары арасындағы орталықтың бітімгершілік әлеуетін дамытудағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Төтенше және Өкілетті Елші кездесуді ұйымдастырып, қонақжайлылық танытқаны үшін алғысын білдірді. Ол Қазақстанның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысуын кеңейту арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

 


Өзгелердің жаңалығы