Жапаров ЖИ бойынша ынтымақтастықты күшейтуді ұсынды

Қазіргі таңда бәсекелестік тек ресурстар мен аймақтар үшін ғана емес, технологиялар мен жасанды интеллект үшін де жүріп жатыр.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 16:45
Бүгiн 2026, 16:45
140
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Садыр Жапаров Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйлеп, түркі елдері арасындағы цифрлық және технологиялық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қырғызстан президенті байырғы Түркістан шаһары ортақ тарихтың, мәдениет пен рухани мұраның символы екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, бүгінгі талқылаулардың дәл осы қасиетті жерде өтуінің маңызы ерекше.

Қырғызстан үшін Түркі мемлекеттері ұйымының ілгері дамуы айрықша маңызға ие. Ұйымның өсіп келе жатқан әлеуеті мен беделі біздің достығымызды одан әрі нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын көрсетіп отыр, – деді ол.

Қырғызстан президенті бүгінгі саммиттің тақырыбы – жасанды интеллект пен цифрлық ынтымақтастық заман талабына сай аса өзекті мәселе екенін жеткізді. 

Қазіргі таңда бәсекелестік тек ресурстар мен аймақтар үшін ғана емес, технологиялар мен жасанды интеллект үшін де жүріп жатыр. Осындай жағдайда Түркі мемлекеттері ұйымының геоэкономикалық әрі технологиялық орталық ретінде қалыптасуына зор мүмкіндік бар. Жасанды интеллект пен цифрландыру бағытында түркі елдері белсенді дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтемін. Ендігі міндет – осы бағыттағы ынтымақтастықты тереңдетіп, күшейту, – деді ол.

Сондай-ақ Қырғызстанда цифрлық трансформация белсенді жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. 

2026 жылы цифрлық жүйелерді реттеу, мәліметтерді басқару және жасанды интеллектіні қолдау мақсатында Қырғыз Республикасының Цифрлық кодексі күшіне енді. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда да айтарлықтай нәтижелер бар. Бүгінде Қырғызстанда жылжымайтын мүлік пен көлікті тіркеуден бастап, паспорт алу мен басқа да мемлекеттік қызметтерге дейін ұялы телефон арқылы, үйден шықпай-ақ қол жеткізуге болады, – деп атап өтті Жапаров.

Сөз соңында Қырғызстан президенті түркі елдері цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және қаржы технологиялары саласындағы ынтымақтастықты күшейтуі қажет екенін айтты.

Сондықтан бұл бағыттағы ынтымақтастықты кеңейтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды деп санаймыз, – деп қорытындылады Президент.

Еске салайық, Түркістанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен түркі мемлекеттері көшбасшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді.

Президент Қазақстанда «Digital Qazaqstan» ауқымды стратегиясы бекітілетінін айтты. 

Тоқаев Turkic AI орталығы ашылатынын хабарлады

 

Наверх