Жапаров шекарадағы жағдай бейбіт жолмен шешілетінін айтты

28 Қаңтар 2022, 11:46
1422
Бөлісу:
Жапаров шекарадағы жағдай бейбіт жолмен шешілетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы жағдай туралы қысқаша мәлімдеме жасады. Бұл туралы azattyk.org хабарлады.

Садыр Жапаров шекара мәселесі бейбіт жолмен және келіссөздер арқылы шешіледі деп отыр. 

Шекарада орын алып жатқан жайт толықтай бақылауда. Бәрі бейбіт жолмен және келіссөздер арқылы шешіледі. Алаңдамаңыздар, - деді мемлекет басшысы. 

27 қаңтарда қырғыз-тәжік шекарасындағы Баткендегі Торт-Коча ауданында Тәжікстан тұрғындары жолды жабуға тырысқан болатын. Келіссөздерден кейін жағдай ушыға түсті. Қырғызстан Шекара қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, осыдан соң қырғыз тарапы басқа ауданда – Чыр-Добода оқ атқан.

Қырғызстан бұл жайтқа қатысты тәжік шекарашылары қасақана арандатушылыққа барды деп отыр. Ал тәжік тарапы Қырғызстанды кінәлауда.  

Өзгелердің жаңалығы