Жапаров көшпенділер ойынының тізіміне қырғыз ойындарын енгізуді ұсынды

3 Қараша 2023, 14:23
648
Бөлісу:
Жапаров көшпенділер ойынының тізіміне қырғыз ойындарын енгізуді ұсынды
Фото: Ақорда

Мұндай ұсынысты Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Спорттық-мәдени іс-шаралардың да маңызына ерекше тоқталғым келеді. 2024 жылы Көшпенділердің V ойыны өтеді. Сол арқылы спорт, мәдениет саласындағы ынтымақтастығымызды жалғастыруымыз керек. Біз көшпенділер ойынының тізбесіне қырғыз ойындарын енгізуді ұсынамын, - деді Қырғызстан президенті.

Ол саммитте бұл көшпенділер ойынын өткізу барысында Қырғызстанда жасалған ойындар екенін атап өтті.

Осы кезекте Қырғызстанды төрағалықты қабылдаумен құттықтаймын. Қырғыз Республикасы келесі саммитте 2024 жылы өткізуге әзір, - деді Садыр Жапаров саммитте.

Бұған дейін саммит барысында Жапаров 2024 жылы цифрлық форум өткізуді ұсынған болатын.

Өзгелердің жаңалығы