Қырғызстан 2024 жылы цифрлық форум өткізуді ұсынды

3 Қараша 2023, 14:15
855
Бөлісу:
Қырғызстан 2024 жылы цифрлық форум өткізуді ұсынды
Фото: Ақорда

Мұндай ұсынысты Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз цифрлық даму саласындағы ынтымақтастығымызды дамытуымыз қажет. Цифрлық трансформациясыны ескеретін болсақ, креативті индустрия саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Қырғызстанда креативті өндірістік парк құрылды. Онда әртүрлі қызметтердің 99%-ы құрылған. Барлық бизнес өкіліне, жасампаз жастарға керемет мүмкіндіктер жасалған. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, біз цифрлық форумды ұйымдастыруымыз қажет, - деп ұсыныс айтты Жапаров.

Ол мүше және байқаушы мемлекеттердің қатысуымен 2024 жылы цифрлық форум өткізу қажеттігін атап өтті.

2030 жылға дейінгі басымдықтар – кәсіпкерлікті қолдау, сонымен қатар халықаралық рейтингтерді қолдау, салықтық әкімшілік мәселелерін жеңілдету, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша шаралар біздің күн тәртібіміз аясында жан-жақты қаралып жатыр. Біз барлық елмен жан-жақты ынтымақтастыққа дайынбыз. Барлық қабылданып жатқан іс-шаралар тек қана өз мемлекеттеріміздің игілігі үшін ғана емес, сонымен қатар өмір үшін, өмірдің цифрлы дамуы саласында кедендік рәсімдерді жеңілдету бойынша қадамдар Түркі мемлекеттері ұйымының дамуына өз үлестерін қосып жатыр, - деп айтты Қырғызстан президенті саммитте.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Садыр Жапаров шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа саммиттің жоғары деңгейде өткізілуі, сонымен қатар қонақжайлығы үшін ризашылығын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы