Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке дайындықты бастады

16 Тамыз 2023, 13:35
726
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке дайындықты бастады
Фото: ©boxingscene.com

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтеме жасап.

Боксшының командасы әлеуметтік желіде видео жариялап: "Бастадық" деп жазыпты.

Мұның алдында Жәнібектің өзі келесі айқасының қазан айына жоспарланғанын хабарлаған. Алайда ол жекпе-жектің өтетін орнын да, қарсылас кім болатынын да нақтыламады.

Дереккөз ақпараты бойынша, Әлімханұлының келесі қарсыласы орта дивизионда IBF чемпионы, германиялық Винченцо Гуалтьери (21-0-1, 7 КО) немесе WBO рейтингінде төртінші тұрған британиялық Феликс Кэш (16-0, 10 КО) болады.

Кейінгі жекпе-жегін Жәнібек мамыр айында АҚШ-тың Стоктон қаласында өткізіп, канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы