Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

4 Қазан 2022, 19:18
2297
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

12 қарашада Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) орта салмақ санатындағы чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста британиялық Дензел Бентлимен (17-1-1,14 КО) кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жететініне қазірден-ақ сенімді. Ол жекпе-жек алдында әлеуметтік желі көмегімен мәлімдеме жасады. 

Вегаста кездескенше! Көзілдірік таға кел, өйткені мен рингте жарқырайтын боламын, – деп жазды кәсіпқой боксшы Instagram-дағы парақшасында. 

Еске салсақ, орта салмақтылардың рей­тин­гінде 14-орында тұрған Ден­зел Бентли Жәнібек Әлім­ханұлы алтын белбеуді иеленген бетте оны жекпе-жекке ша­қырған еді. Қандасымыз оның бұл ұсынысын қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы