Жаңбыр, қар: алдағы 3 күнге ауа райы болжамы

21 Қазан 2024, 15:02
1720
Бөлісу:
Жаңбыр, қар: алдағы 3 күнге ауа райы болжамы
Фото: BAQ.KZ архив

"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 2024 жылғы 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәлім болғандай, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады.

Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ құбылыстары, батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр, жекелеген облыстарда күндіз найзағай болады деп болжанады. 23 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), 24 қазанда Жетісу облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейеді және тұман болжанады, - делінген хабарламада.

Температураның фонында күрт өзгерістер болжанбайды.

Өзгелердің жаңалығы