Жаңбыр, найзағай, тұман: 12 облыста дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

 pexels 1 Қазан 2026, 02:34
1 Қазан 2026, 02:34
300
Фото: pexels

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 1 қазанға Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жариялады. Бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, тұман және қатты жел күтіледі. Сонымен қатар бірнеше облыста өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады.

Ақмола және Жамбыл облыстарында жаңбыр мен найзағай болжанады. Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысында таңертең және түстен кейін жаңбыр, найзағай күтіледі. Таулы аймақтарда және облыстың жекелеген бөліктерінде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы қаласында кешке қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болжанады.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстанда күндіз жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Бірқатар өңірде желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Қызылорда облысында батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, ал кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда да өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының бірқатар аумағында да сақталады.

Наверх