Біріккен Араб Әмірліктерінен Израильге ұшып бара жатқан Flydubai әуе компаниясының ұшағы мүмкін болатын «басып алу» сигналын беріп, содан кейін біршама уақыт радардан жоғалып кеткен.
Ynet басылымының мәліметінше, бортында 27 баланы қоса алғанда барлығы 174 адам болды.
Ұшақ қайда қонды?
Бұған дейін әуе кемесі Сауд Арабиясы аумағында радардан жоғалғаны хабарланған болатын. Кейіннен Boeing 737 ұшағы Табук әуежайына қонғаны белгілі болды.
Ұшақты айдап әкету әрекеті болды ма?
Кейін израильдік БАҚ ұшақты басып алу әрекетінің болмағанын хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға борттағы төбелес себеп болуы мүмкін. Израильдік журналист Амит Сегал қақтығыс ұшқыштар кабинетінде – екі экипаж мүшесінің арасында болғанын айтты.
Израиль билігі не мәлімдеді?
Израиль премьер-министрінің кеңсесі ұшақтың Сауд Арабиясында жоспардан тыс қонуы ұшақты айдап әкету әрекетімен байланысты емес екенін растады.
Оқиғаның басқа мәліметтері әзірге жарияланған жоқ.