Жаңбыр, найзағай, бұршақ: Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыз құбылыстарына байланысты сақтық шараларын сақтауға, алыс жолға шыққанда ауа райы болжамын ескеруге шақырды.

 BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 01:29
Бүгiн 2026, 01:29
230
Фото: BAQ.KZ архиві

«Қазгидромет» мамандары бүгінге, 13 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің көптеген өңірінде дауылды ескерту жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстік, орталық, шығыс және батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін, кей аудандарда 25 метрге дейін жетеді.

Қатты жауын-шашын мен бұршақ Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында күтіледі.

Сонымен қатар оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде аптап ыстық сақталады. Жетісу, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында ауа температурасы +35 градусқа дейін көтерілсе, Алматы облысының солтүстігінде +38 градусқа дейін жетеді деп болжанып отыр.

Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Мұндай жағдай Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және басқа да облыстарда байқалады.

Елордада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі ықтимал. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді.

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыз құбылыстарына байланысты сақтық шараларын сақтауға, алыс жолға шыққанда ауа райы болжамын ескеруге шақырды.

Наверх