Жаңбыр, найзағай: бүгін елімізде ауа райы қандай болады

23 Сәуір 2025, 07:14
3395
Бөлісу:
Жаңбыр, найзағай: бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, сәрсенбі күні еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір аймақтарда жауын-шашынсыз болады.

Астана, Алматы, Шымкент: Бұлтты, жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы түнде +8...+13°C, күндіз +20...+25°C.

Ақтау, Қарағанды, Қонаев, Орал: Жаңбыр, найзағай, орташа жел. Күндіз +20...+26°C.

Атырау, Қызылорда, Түркістан: Жауын-шашынсыз. Күндіз +28...+32°C.

Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Көкшетау, Павлодар, Семей: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +23...+26°C.

Петропавл: Жаңбырлы. Күндіз +12...+14°C.

Талдықорған, Тараз: Жаңбыр, найзағай. Күндіз +20...+23°C.

Өскемен: Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +18...+20°C.

Өзгелердің жаңалығы