Жаназаға адамдардың көп баруы дінге баланып жатыр. Ислам - ондай дін емес

3 Шілде 2020, 09:55
3436
Бөлісу:
Жаназаға адамдардың көп баруы дінге баланып жатыр. Ислам - ондай дін емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да онлайн брифинг барысында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни рәсімдер кезінде карантин шараларын сақтау туралы айтып берді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы COVID-19 індеті кезінде жаназа және құдайы ас өткізуге қатысты мәлімдеме жасаған еді.

ҚМДБ мәлімдемесіне бой ұсынып, оны іске асыруға шақырамыз. Біздің дініміз адам үшін жақсылық қалайтын, адамға не жақсылық болады соны бұйырған қаситетті дін. Дінімізде айтады: бір адамның өмірін сақтап қалу, бүкіл адамзаттың өмірін сақтағанмен бірдей, бір адамның өміріне қиянат жасау да бүкіл адамзатқа жасаған қиянатпен бірдей. Ислам діні кез келген жағдайда адамның қаупі төнсе, содан қайтарған. Мешітке барудың өзінде, жұма намазы не басқа намазы болсын, егер ол адамның денсаулығына немесе өміріне қауіп төнсе, оған баруға болмайды деп дініміз айтады, - деді ол. 

Бас муфти жаназаға барғандар туралы мысал келтірді. 

Қазір кейбір намаз оқитын кісілер немесе кейбір намаз оқыған адамдар қайтыс болған кезде, адамдардың көп барғанын көріп, оны дінге балап жатыр. Ислам діні ондай дін емес. Ислам діні өзге дін өкілдерін сыйлауды, оларға құрмет көрсетуді бұйырған дін. Абай атамыздың заманында болған індет кезінде молдалардың халықты аман сақтап қалу мақсатында жаназа рәсімдерін, Құдай астарын тоқтатқаны тарихта жазылған. Оба індеті пайда болғанда сахабалар мен Хазер Омардың заманында сол елге бармай, қайтып кетуі айтылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы