Жаңаөзендік жұмыссыз жандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды

24 Сәуір 2023, 16:02
1185
Бөлісу:
Жаңаөзендік жұмыссыз жандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды
Фото: Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңаөзенде мұнай компанияларының басшылары жергілікті әкімдікпен кездесіп, жұмыссыздық мәселесін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Мұнай өнеркәсібіне жұмысқа орналасу мәселесі 2019-жылдан бері көтеріліп келеді. Сондықтан «ӨзенМұнайГаз» АҚ және Жаңаөзен қаласы әкімдігі бірлесе құрған алгоритмге сәйкес «ӨЗЕНИНВЕСТ» ЖШС, «Тазасу» ЖШС, «БН» ЖШС, «ӨзенМұнайГаз» АҚ компаниялары бүгінге дейін 4000-ға жуық азаматты жұмыспен қамтыған. Ал, сирек қолданыстағы мамандық бойынша 146 адам қызмет етіп жүр. 

Жаңаөзендік жұмыссыз жандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды

Алайда, Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы Ұлбазар Орынбаеваның айтуынша, алгоритмге сәйкес әлі де 9996 адам жұмысқа орналасуға кезекте тұр.

Жаңаөзендік жұмыссыз жандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды

Қазіргі таңда 9996 адам кезекте тұрғанымен оның ішінде 415 адам жеке кәсіпкер, ал 4333 адамның зейнетақы қорына аударымдары үздіксіз түсіп тұр. 2603 жұмыссыз азамат алгоритмге сәйкес кезекте тұр. Жұмысқа орналасқысы келген адам алдымен Өзенинвест мекемесінде уақытша қызмет етіп, аутсорсинг бойынша «ӨзенМұнайГаз» АҚ-на тұрақты жұмысқа орналаса алады,- деді Ұлбазар Орынбаева.

Жаңаөзендік жұмыссыз жандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды

Жиында мекеме басшылары өз ойларын айтып, ұсыныстарын ортаға салды. «ӨзенМұнайГаз» АҚ басшысы Нұрдәулет Игілікұлының айтуынша, ӨзенМұнайгаз компаниясы 10 000- ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұдан артық адамды жұмыспен қамту компанияның экономикалық жағдайына кері әсерін тигізеді. Сол себепті «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов алдағы уақытта әлеуметтік жағдайы төмен, жұмыссыз жандарға алгоритм аясында «ӨзенМұнайГаз» АҚ компаниясына қарасты еншілес мекемелерге жұмысқа орналасуға ұсыныс білдірді.

Жаңаөзендік жұмыссыз жандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды

Қазіргі таңда жұмыссыздық мәселесі Маңғыстау облысында өзекті болып отыр. Шиеленіскен жағдайдың шешімін табу мақсатында жиын өткіздік. Бүгінгі күні қоғамда кез-келген азамат Өзенмұнайгазға жұмысқа орналысқысы келеді. Қазір ӨзенМұнайгазға қызмет көрсететін ҚазМұнайгаздың айналасында оннан астам ірі компаниялар бар. Яғни, біз 2019-жылдан бері келе жатқан алгоритмге жақсарту мақсатында толықтырулар енгіземіз. Оның орнына жұмысқа орналасуға болатын компаниялардың санын арттырамыз. Нәтижесінде бос жұмыс орындары көбейіп, жұмыссыз жандардың мәселесі шешілетін болады. Жиында жеке меншік компаниялардың 90% қолдайтынын айтты, - деді Дәулетжан Хасанов.

Жаңаөзендік жұмыссыз жандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды

Айта кетейік, осы мәселені тез арада шешу мақсатында қала әкімінің арнайы тапсырмасымен депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, компания және кәсіподақ өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылып, жан-жақты зерделеп шешім қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы