Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесі қашан шешіледі?

5 Сәуір 2023, 15:14
838
Бөлісу:
Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесі қашан шешіледі?
Фото: abai.kz

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін депутат Ерлан Сайыров Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесі неге шешімін таппай отыр? – деп сұрады журналист депутаттан.

Ерлан Сайыров бұл мәселемен Кәсіподақтарда жүргеннен бастап көтергенін айтты.

Кәсіподақта жүрген кезімде Жаңаөзеннің мәселесімен айналысқанбыз. Бұл жердегі ең негізгі мәселе – сондағы ұлттық компанияның еншілес кәсіпорындары мен жергілікті халықтың арасындағы қарым-қатынас. Жалпы Маңғыстау облысындағы негізгі проблема – халық көбейіп келе жатыр. Климатқа байланысты ол жақта мұнайдан басқа жұмыс орындары жоқ, - деп айтты Сайыров.

Оның пікірінше, Самұрық-Қазына мен Қазмұнайгаз компаниялары өздерінің еңбек өнімділігіне байланысты сол жерде жаңа инвестициялық жобалар жасап, жаңа кәсіпорындар ашуы керек.

Бұл мәселемен қазір Маңғыстау облысының депутаттары айналысып жатыр. Біз Самұрық-Қазынамен бірге жұмыс істейміз, - деп түсіндірді депутат.

Ол жергілікті халықпен сөйлесетінін айтып, болашақта осы проблеманың бір шешімі табылатынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы