Қылқан жапырақты жас ағаштардың заңсыз кесілуінің, тасымалдануының және сатылуының жолын кесу мақсатында «Шырша» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, іс-шара барысында 711 жұмылдыру тобы құрылған. Жалпы 2450 рейдтік іс-шара өткізілген.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1011 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды:
ағаштарды заңсыз кесудің 8 фактісі;
белгіленбеген жерлерде сатудың 574 фактісі;
жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзудың 429 фактісі.
4,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Одан бөлек, 4 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.