Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңа Орлеанда түрмеден 10 тұтқын қашып кетті

17 Мамыр 2025, 07:44
281
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласындағы түрмеден 10 тұтқын қашып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC News-ке сілтеме жасап.

Орлеан округі шерифінің кеңсесі қашқындарды қарулы әрі қауіпті деп сипаттап, жұртшылықты абай болуға шақырды. Билік кейбір қашқындардың түрме қызметкерлерінің көмегімен қашуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Тұтқындардың бірі — Кенделл Майлз сол күні Француз кварталы маңында ұсталды. Ол қонақ үйдің гаражындағы көліктің астына жасырынып үлгерген.

Алғашқыда билік 11 адам қашып кетті деп хабарлаған, бірақ кейінірек бір тұтқынның басқа камераға ауыстырылғаны анықталған.

Айта кетейік, бұған дейін 14 мамырда Ливия астанасы Триполидегі Әл-Джадаида түрмесінен де ауыр қылмыс жасаған бірнеше тұтқын қақтығыстар кезінде қашып кеткен еді.

Өзгелердің жаңалығы