Жаңа оқу жылында «Жазғы мектептер» жұмысы жалғасады

19 Тамыз 2021, 16:27
3894
Бөлісу:
Жаңа оқу жылында «Жазғы мектептер» жұмысы жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен оқу жылында елімізде бір миллионнан астам оқушы «Жазғы мектеп» аясында негізгі оқу пәндері бойынша білімін толықтырды.

Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен педагогтердің республикалық Тамыз конференциясының пленарлық сессиясында мәлімдеді.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы педагогтерге көмек ретінде Жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша әдістемелік әзірленімдер дайындады және қосымша онлайн Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастырды. Осы орайда негізгі 7 оқу пәнінің (қазақ тілі, ағылшын тілі, математика, Қазақстан тарихы, химия, физика) күрделі тақырыптары бойынша 24 онлайн-сабақ әзірлеп, YouTube арнасына жүктеді. Бүгінгі күні жалпы көрілім саны 25 мыңнан асты. Сондай-ақ Тамыз конференциясы аясында 9700 бастауыш мұғаліміне күрделі тақырыптарды түсіндіру бойынша 6 семинар өткізілді, - деді Ғ.Бейсембаев Тамыз конференциясының пленарлық сессиясында.

Сондықтан Академия ғалымдары жаңа оқу жылында да осы жұмысты жалғастырып, осы бағытта ғылыми зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.

Ковидтен кейінгі кезеңде оқыту процесін бейімдеу үшін оқушылардың біліміндегі кемшін тұстарындағы олқылықтардың орнын толтыру өз жалғасын береді. Атап айтқанда, сабақтың 45 минут ұзақтығы қайтарылады, мұғалімдердің сабақ жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа дейін азайтылады, биылғы оқу жылы да «Жазғы мектеп» жұмысы ұйымдастырылады, - деді Ғани Бейсембаев.

 


Өзгелердің жаңалығы