Жаңа атау дегеніміз – жаңа құрылым, жаңа құрам, жаңа басымдықтар – саясаттанушы

1 Наурыз 2022, 15:27
2288
Бөлісу:
Жаңа атау дегеніміз – жаңа құрылым, жаңа құрам, жаңа басымдықтар – саясаттанушы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Саясаттанушы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Қазбек Майгелдинов Nur Otan партиясы атауының өзгеруіне қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, Қаңтар оқиғасынан кейін елімізде жағдай тұрақтала бастаған соң мемлекет басшысы ең бірінші орынға қоғамдағы барлық реформаларды іске асыруға қажетті саяси институттарды қайта жаңғырту мәселесі алға қойған. 

Соның ішінде Nur Otan партиясы қоғамдық-саяси институттардың бірі болып табылады. Осыған байланысты мемлекет басшысының қысқа уақыт аралығында съезді өткізу шешімі – бұл шын мәнінде қазіргі заманғы сын-қатерлерге нақты берген жауабы деп айтуға болады. Сондықтан бүгінгі партияның рембрендингі, яғни атауының өзгеруі бұл тек президенттің талабы бойынша атын ғана емес, затын да өзгерту керек дегенді білдіреді, – дейді ол.

Сонымен қатар ол қазіргі таңда қоғам тарапынан қандайда бір нақты сұраныстар барын атап өтті, ол әлеуетті, әлеуметтік жағдайды көтеруге байланысты болып отыр. 

Сондай-ақ халықтың мұқтаждығы жоғары деңгейде болып тұр, кедейлік өршіп отыр. Осыған байланысты партия өз сайлаушыларын жоғалтып алмау үшін, екінші жағынан сайлаушылар алдында жаңа бір бастама, үміт қою мақсатында осындай жаңа атау қойылып жатыр, – деді саясаттанушы.

Майгелдинов алдағы уақытта партияның атауымен қатар ішкі құрылымы да өзгеретінін атап өтті.

Қазірден бастап партияның саяси кеңес құрамына азаматтық қоғам өкілдері қосылып отыр. Алдағы уақытта депутаттық фракциялар да өзгерістер болады. Жаңа атау дегеніміз – бұл жаңа құрылым, жаңа құрам, жаңа басымдықтар. Құрамы депутаттық тұрғыдан және басқарушы филиалдардағылар өз жұмысын дұрыс істемей отырса  оны да өзгерту керек. Өйткені жаңа идеяны тек қана жаңа адамдар жүзеге асыра алады. Осы тұрғыдан алғанда келешекте бұл трансформацияның қадамы ішкі құрылымның сапасын арттыру және де Президент өзі атап өткендей партияның қоғамдық қабылдау бөлімдері арқылы, депутаттардың рейтингі арқылы жұмысын жақсартуға көңіл аударылатын болады, – дейді  Қазбек Майгелдинов. 

Айта кетсек, бүгін Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезі кезінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов аталған партияның атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынған еді. Ал партияның төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы қолдайтынын айтты.
 

Өзгелердің жаңалығы