Жәмила АҚШ-қа барады

23 Қыркүйек 2022, 22:14
1163
Бөлісу:
Жәмила АҚШ-қа барады

Әлем кубогы биылғы жылдың 10-11 желтоқсанында АҚШ-та өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шақыру алғандар қатарында Белградтағы əлем чемпионатында үздік шыққан 5 ел мен дүниежүзі құрамасы бар. Соңғысын Халықаралық күрес федерациясы (UWW) анықтайды. Онда өз құрамасымен бəсеке қатыса алмайтын балуандар кіреді. Сербияда  өткен жарыста АҚШ 1-ші, Жапония 2-ші орын алса, 4 алтыны бар Түркия мен Сербия үштікті түйіндеді. Ал Ирандықтар 5-сатыдан көрінді. Бұл шешім Біріккен күрес қауымдастығы арқылы қабылданады. Жарысқа қатысушылар кубокқа жолдамадан тыс қалған құрамалар сапындағы балуандар арасынан іріктеледі.

Ал Қазақстан атынан қатысуға жерлесіміз Жəмилə Бақбергенова мен Өскемендік Азамат Дəулетбеков еркін және әйелдер күресінен әлем құрамасы сапына шақырту алды.

Еске салсақ, Қазақстан әйелдер күресі бойынша Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатында жерлесіміз Жамиля Бақбергенова күміс жүлдегер атанған болатын. Отандасымыз жартылай финалда румын спортшысын 12:2 есебімен айқын басымдылықпен жеңсе, ал финалдық кездесуде АҚШ өкілі Амит Элорға есе жіберді. Боз кілемде 72 келіде сынға түскен қазақ қызы осылайша әлем біріншілігін күміспен қорытындылады.

Айта кетейік, Бақбергенова екінші рет әлем чемпионатында күмісті олжалады. Өткен жылы да ол екінші орыннан көрінген болатын.

Ал еркін күрестен Өскемен қаласының тумасы Азамат Дәулетбеков қола жүлдеге қол созды.

Әлемдік додада 86 келі салмақта сынға түскен Азамат Дәулетбеков алғашқы екі белдесуінде кубалық Юриески Кералту мен испаниялық Таймураз Наскидаевтан басым түсіп, жартылай финалда АҚШ спортшысы Давид Тейлорға жол берді. Қазақстандық балуан 3-орын үшін сайыста Пуэрто-Рико балуаны Итан Рамосты жеңді. Осылайша, әлем чемпионатында қола жүлдегері атанды.

Әлем кубогының жүлде қоры 100 000 Швейцария франкін құрайды. Бірінші орын алған құрамаға оның 70%-ын қанжығалайды. Екінші орын яғни  күміске - 20%, қола алғандар 10%-ына қол жеткізеді.

Өзгелердің жаңалығы