Жамбылдағы жарылыс: Қырғызстан президенті көңіл айтты

27 Тамыз 2021, 15:17
1833
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс: Қырғызстан президенті көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған жарылыстан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Адам өліміне әкеліп соққан жарылыс туралы хабарды естігенде қабырғам қайысты. Қырғыз Республикасы және өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Апат салдарынан зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілекшіміз. Қайғыларыңызға ортақпыз, - делінген Жапаровтың жеделхатында.

Осыған дейін әскери бөлімде болған жарылыстан бес адамның қаза тауып, зардап шеккендердің саны 90-ға жеткенін хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы