Жамбылдағы жарылыс кезінде жарақат алған тағы бір қызметкер көз жұмды

11 Қыркүйек 2021, 16:30
4541
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс кезінде жарақат алған тағы бір қызметкер көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қыркүйекте Жамбыл облысында жарылыс салдарынан зардап шеккен 1993 жылы туған өрт сөндіруші қайтыс болды.

Бұған дейін ол Нұр-Сұлтан қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ауруханасына жеткізілген болатын.

Жамбыл облысында жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті. Оның ішінде 10 азаматтық қорғау органдарының қызметкері, 6 Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі және бір әскери прокурор. Жоғалған бір адамды іздеу жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысында қайғылы оқиға болды. Байзақ облысындағы әскери бөлімде өрт шығып, арты жарылысқа ұласты. Салдарынан 17 адам қайтыс болып, 100-ге жуық адам жарақаттанды. 
Өзгелердің жаңалығы