Жамбылда мұғаліммен жанжалдасқан оқушыға жедел жәрдем шақырылған

18 Наурыз 2024, 14:58
18335
Бөлісу:
Жамбылда мұғаліммен жанжалдасқан оқушыға жедел жәрдем шақырылған
VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Жамбыл облысында математика мұғалімімен жанжалдасқан 7-сынып оқушысына дәрігерлердің көмегі қажет болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы оқушының ата-анасы Egov press Telegram арнасында мәлім еткен. Видеоны жіберген ата-ана Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы мектептің математика пәні мұғалімі жасөспіріммен жанжалдасып, баланың жағдайы нашарлап кеткен.

Жамбыл облысы Білім басқармасы аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

14 наурызда Мойынқұм аудандық Білім бөлімі Айдарлы ауылындағы №2 орта мектептің 7-сынып оқушысы мен математика пәні мұғалімі арасында жанжал болды. Салдарынан оқушының жағдайы нашарлап, мектептің медбикесі мен ауылдық амбулатория дәрігері алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметін шақырды. Аталған дерек бойынша ішкі істер қызметкерлері жауапты тұлғалардан түсініктеме алды. Қазір оқушының жағдайы жақсы, - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Қызметтік тексеріс жүргізіледі. Соның нәтижесі бойынша тиісті шаралар қолданылады. Аталған жайт білім басқармасының қатаң бақылауына алынды.

Өзгелердің жаңалығы