Бүгінге дейін Жамбыл облысында полиция департаменті 11 адамнан тұратын 5 қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сөйтіп ұрланған 557 малдың 340-ы иелеріне қайтарылды.
Жамбыл облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигi Қанат Қожамқұловтың айтуынша, мал ұрлығы бойынша қылмыстың ашылуы 46,3 пайыздан 55,7 пайызға өскен.
Жыл басынан бері мал ұрлығын жасаған 41 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты.