Жамбылда 477 290 тұрғын референдумға қатысып, дауыс берді

6 Маусым 2022, 12:32
3217
Бөлісу:
Жамбылда 477 290 тұрғын референдумға қатысып, дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңғы 8:00-де Жамбыл облысы аумағындағы референдумның 492 учаскесінде дауыстарды санау аяқталды. 

Аймақтағы референдумға қатысу құқығы бар ел азаматтарының жалпы саны 688, 369 адам.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде өңірдегі сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов айтты. Оның мәліметінше, дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 477 290 адамды немесе референдумға қатысу құқығы бар азаматтар санының 69,39 %.

Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны облыстағы дауыс беруге қатысқандардың 78,63 пайызын немесе 375, 277 адам.

Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтар 17,85 пайызын немесе дауыс беруге қатысқандар санының 85,173 адам. Жауаптардың екі нұсқасы да таңдап алынған, яғни жарамды деп танылған, алайда дауыстарды санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны 1,65% немесе 7,854 бюллетень. Дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін болмайтын және жарамсыз деп танылған белгіленбеген үлгідегі бюллетеньдер саны 1,89% - ды немесе 8,986 бюллетень, - деді спикер.

Облыстағы барлық референдум учаскелерінде республикалық қоғамдық ұйымдардан 2 283 өкіл қатысты.

Учаскеде дауыс беруге қатысқан ерекше қажеттіліктері бар азаматтар саны 1067 адамды құрады және олардың үйде дауыс бергендері 1 128 болды.

Өзгелердің жаңалығы