Жамбыл облысындағы жол апаты: 2 адам қаза тауып, 6 адам ауруханаға жеткізілді

24 Мамыр 2021, 20:21
1463
Бөлісу:
Жамбыл облысындағы жол апаты: 2 адам қаза тауып, 6 адам ауруханаға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында Айша бибі ауылының жолында жол апаты болды.

Облыстық полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 мамырда сағат 13.00-де болған.

43 жастағы Mitsubishi Pajero жүргізушісі Тараз қаласына қарай келе жатып, BMW автокөлігімен соқтығысқан, оның рөлінде 19 жастағы жігіт болған. Автокөлік қатты соққыдан жол жиегінде тұрған Volkswagen Golf-ті барып соққан, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

BMW автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.

Жол апатының салдарынан 6 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 - бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп толықтырды ведомстводан.

Сараптама тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы