Жамбыл облысында жер сілкінісі болды

Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы mb=3.73, энергетикалық класы K=8.55, ал ошағы 11 км тереңдікте болған.

 unsplash.com 9 Қараша 2026, 06:34
9 Қараша 2026, 06:34
139
Фото: unsplash.com

Қазақстанның ұлттық деректер орталығы кеше кешке Жамбыл облысының аумағында магнитудасы 3,7 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісі 8 қарашада Астана уақытымен сағат 20:38-де болған.

Эпицентр координаттары – солтүстік ендік бойынша 44,51 градус және шығыс бойлық бойынша 74,44 градус.

Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы mb=3.73, энергетикалық класы K=8.55, ал ошағы 11 км тереңдікте болған.

Наверх