Жамбыл облысында Жамбыл ауданында Наурыз тойы ерекше басталды

16 Наурыз 2024, 23:15
645
Бөлісу:
Жамбыл облысында Жамбыл ауданында Наурыз тойы ерекше басталды
Фото: автордан автордан

Жамбыл ауданында 16 наурыз – мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай аудан орталығында ашық аспан астында киіз үй тігіліп, ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл тұрғындары мен қонақтар беташар салтын тамашалап, бір-бірін қазақы жыл басымен құттықтады. Көпшілік ұлттық тағамдардан да дәм татып, көтеріңкі ән мен іскер әйелдер бірлесе билеген “Қара жорға” биін тамашалады.

Ауыл тұрғындары бұл мерекені ылғи да ерекше ықыласпен күтеді. Бүгін отбасылық және мәдени құндылықтардың, жарқын көрінісіне куә болдық. Биыл елімізде наурыз мейрамы үлкен көлемде тойланып жатқаны қуантады. Бәрі өте керемет ұйымдастырылған, Наурыз дастарханынан да дәм таттық. Керемет концерттің куәгері болып, жарыстарға да қатыстық. Мерекені атап өту үшін орталыққа отбасымызбен келдік, - дейді Аса ауылының тұрғыны.

Алаңда ұлттық ойындар дәріптеліп, жастар алтыбақан тепті. Сонымен қатар аудан халқы қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалап, тіптен шеберлермен бірге оларды жасауға атсалысты.

Биыл төл жаңа жылымыз ерекше тойланатынына ауыл болып қуандық. Қуанышымызға орай ауа-райы да керемет болып тұр. Ендігі осы әдеттен жаңылмасақ екен, - деп ақжарма тілегін білдірді ауыл тұрғыны.  

Жамбыл облысында Жамбыл ауданында Наурыз тойы ерекше басталды

Айта кету керек, аудандағы сауда орындарында 14 наурыздан бастап “Наурыз – базарлық” акциясы жүргізіліп, наурызнама шаралары барлық округтерде аталып өтуде.

Өзгелердің жаңалығы